Қастеев атындағы мектеп бәссаудаға қойылды

1529

Қастеев атындағы мектеп бәссаудаға қойылды

Алматыда мемлекеттік көліктер электронды саудада жаппай сатылып жатыр. Жыл басынан бері 62 көлік бәссаудаға қойылған. Сонымен қатар, құны 43 миллион теңге болатын 2 шаруашылық нысан жекешелендірілген, деп хабарлайды almaty.tv.

Мұның барлығы электронды бәссауда ретінде жүреді. Саудаға қойылған мемлекеттік мүлікті кез келген адам ала алады. Яғни, ортада делдалдар болмайды деген сөз. Мамандар, автоматтандырылған жүйенің тиімді екенін айтады.

"Бәссаудаға қатысам деушілер, алдына ала жарна төлеу керек. Егер сауда жасалмаса, қатысушыға қаражаты қайтарылады. Осы жылдың соңына дейін 43 нысанды жекешелендіру жоспарда бар. Олардың 8 типографиялық құрылғы, екеуі жылжымайтын мүлік, 33 көлік құралдары",- деді Алматы қаласы ақпараттық және бухгалтерлік орталығы ақ бас маманы, Оксана Байдельдинова.

Бәссаудаға коммуналдық нысандыр қойылған. Олардың ішінде, Қастеев атындағы мектеп, Біліктілікті арттыру институты және Алматы "Қайрат" футбол клубының 30 пайыз акциясы бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу